Компания туралы

Андрей Якунин
Серіктес, офис директоры

WE Partners консалтингтік компаниясы ұйымдағы дарындыларды біріктірілген басқаруға маманданады. WE Partners көрсетілетін қызметтері тапсырыскерлерге тиімді басқару топтарын құруға және олардың табысты жұмыс істеуі үшін корпоративтік ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. WE Partners тапсырыскерлерге бірегей бәсекелес басымдылыққа - компанияны индустрияның нағыз көшбасшысы жасауға қабілетті топқа қол жеткізуге көмек көрсетеді.

WE Partners KornFerry халықаралық компаниясымен және Ресейдің, Финляндияның, Израиль мен Оңтүстік Африканың компанияларымен кәсіпқой альянста жұмыс істейді. Мұндай ынтымақтастық әлемнің 45 елдерінде кез келген үміткерге, компанияға, сарапшыға немесе ақпараттық ресурсқа іс жүзінде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

WE Partners өз жұмысында көшбасшылықты дамыту мен бағалаудың бірегей ғылыми-негізделген құралы Korn Ferry InstituteKornFerry ауқымды білім зертханалары мен кітапханаларын пайдаланады.

WE Partners консалтингтік тәжірибелері:

  • Executive Search (жоғары басшылар тобын іздеу)
  • Leadership & Talent Consulting (көшбасшылықты дамыту саласындағы консалтинг)

WE Partners индустриялық тәжірибелері:

  • Өнеркәсіп
  • Банктер және қаржы институттары
  • Тұтыну тауарлары және бөлшек сауда
  • Фармацевтика және биотехнологиялар
  • АТ, телеком және медиа
  • Агробизнес

Көшбасшылықты дамыту саласындағы консалтинг (Leadership & Talent Consulting)

Компанияның стратегиялық міндеттерін іске асыруға қолдау көрсететін дарындарды басқарудың кешенді жүйесін құру басшылардан жеке көшбасшылық қасиеттерді көрсетуді және де сәйкес бизнес-процестерді ұйымдастыруда дарындарды дамыту мәдениетін құруды талап етеді.

Көшбасшылықты Дамыту Тәжірибесі ұсынатын шешімдер өзгертулерді үш деңгейлерде жүргізуге мүмкіндік береді:

1. Басшы. Жоғары топ басшыларын дамыту және жеке бағалау:

  • Компанияға жалдау кезіндегі бағалау, сабақтастықты жоспарлау жобалары мен жоғарылату мақсаттары үшін ішкі кандидаттарды бағалау;
  • Дамыту мақсатымен жоғары топ басшыларын бағалау;
  • Жеке даму жоспарларын жасау. Жеке коучинг;
  • Компания көшбасшыларының жаңа буынын дамытуға арналған әлеуетті бағалау бойынша жобалар;

2. Басқарушы команда. Бағалау мен дамудың топтық форматы:

  • Командалық өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыруға және дамытуға бағытталға СЕО және топ-командамен жұмыс;
  • Директорлар Кеңесінің тиімділігіне шолу жасау;

3. Жалпы ұйымдастыру. Ұйымды түрлендіру және компанияның дарындарын кешенді басқару:

  • Компанияның стратегиясы мен корпоративтік мәдениет негіздерін (миссия, құндылықтар) қалыптастыру фасилитациясы;
  • Компанияның құзыреттілік үлгілерін әзірлеу;
  • Аудит, дарындармен ұйымды басқару жүйесін құру және дамыту, бұл жүйені компанияның ішіндегі басқа жүйелермен үйлестіру.

WE Partners кеңесшілеріне KornFerry ғылыми негізделген аспаптарының толық спектрін және дамыту мен бағалаудың неғұрлым өзекті әдістемелерін пайдалануға сертификат берілген:

  • Korn Ferry (Lominger) Competency Modeling (Leadership Architect®, Voices Architect®), Choices Architect®, Team Architect®; Strategic Architect®, viaEdgeTM;
  • Decision Styles, Hogan Assessment Systems, BelbinTM.
Бағыт кеңесшілері
Андрей Якунин

Серіктес,

Офис директоры

WE Partners, Қазақстан

Андрей Якунин 2017 жылы WE Partners Серіктесі болды және компанияның Қазақстандағы офисін басқарып отыр. Андрей стратегиялық сатулар мен адамдарды басқару саласында жиырма жылдан астам табысты мол тәжірибе қорына ие.

Андрей Якунин Орталық Азия мен Күнгей Кавказ елдерінде фармацевтика мен тұтынушылар секторында (FMCG) , Самұрық-Қазына ҰӘҚ, GSK, Teva және Merck секілді ірі аймақтық және халықаралық компанияларды қоса, бизнесті операциялық басқаруда мол тәжірибеге ие.

Андрей Якунин Көкшетау экономика және менеджмент институтын Менеджмент мамандығы бойынша бітірген, ал 2006 жылы Ашық Университеттің (Open University, UK) Менеджменттен кәсіби дипломын алған.

Ольга Куприянова
Аға кеңесші

Ольга Куприянова, Executive Search Тәжірибесінің және Көшбасшылықты дамыту тәжірибесінің Аға кеңешісі, WE Partners Қазақстан командасына 2014 жылы қосылған.

Ольганың дарындарды тарту, дамыту және басқару саласында 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. WE Partners дейін Ольга 10 жыл бойына «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» және «Тенгизшевройл» секілді Қазақстанның жетекші мұнай өндіру компанияларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Ольганың көп жылдық тәжірибесі HR саласындағы бизнес процестерді оңтайландыру, бөлімшелерді қайта құрылымдау, жаңа бастамаларды ендіру бойынша табысты жобалардың және қызметкерлерді бағалау, оқыту және дамыту, қызметін бағалау, кадрлық резервті жоспарлау және дамыту, қызметкерлерді анықтау және дамыту бойынша бағдаламалардың ауқымды көлемін қамтиды. 

Соңғы 3 жылда Ольга клиенттерге жоғары тиімді басқару командасын қалыптастыруға, бағалауға және дамытуға көмектесе отырып, консалтингте жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде Ольга Қазақстанда және Кавказда индустриялық секторда әртүрлі клиенттер, сондай-ақ Банктер мен Телекоммуникация сегменттерінде компаниялар үшін бірқатар жобаларды табысты жапты. 

Ольга Қостанай Мемлекеттік Университетінің шетел тілдері факультетін үздік бітірген. КИМЭП іскерлік әкімдендіру магистрі дәрежесін және Крэнфилд (Cranfield University) адам ресурстарын халықаралық басқару саласында ғылым магистрі дәрежесін алған. Ольга бағалау мен даму саласында бірнеше құралдар бойынша сертификаттар алған: Myers Briggs Type Indicator, Decision Styles, Korn Ferry viaEDGE.  

Байланыстар